Tuzem жүйесі
Қазақша жазудың екі түрімен де (төте жазу және кирилл) жаза аласыз, аралас беттеуге де болады. Емле қателігін автоматты көрсетеді; мәтін сәйкестіру, аудару, сақтау бәрі де бір бұйрықпен жасалады.
Орнатудың қажеті жоқ, телефонда да, компьютерде де бірдей қолдануға болады.
Күн сайын кітап оқысаң, уақыт өте келе білімің .
كۇن سايىن ازداپ وقىساڭ، وتە كەلە ارتادى.
Автоматты тексеру
Жазып болысымен қате жазылған сөздер, тыныс белгілері және қалыптан тыс қолданыстар мәтіннің өзінде белгіленеді; бір басқанда түзетіледі.
Ыңғайлы енгізу
Арнайы енгізу құралының көмегінсіз қазақшаны (төте жазу мен кирилл) тікелей жазуға болады. Компьютерде де, телефонда да еркін жаза аласыз.
Сәйкестіру
Кирилл мен төте жазуды бір бұйрықпен өзара ауыстыру; әуелгі мәтін мен нәтиже қатар қойып, салыстырып қарауға болады.
Сөздік
Ханзуша немесе қазақша жеке сөзді таңдасаңыз, мағынасы бірден шығады, бөлек сөздік ашудың қажеті жоқ.
Аударма және түзету
Ханзушадан қазақшаға және керісінше аударады, сөйлемдерді өңдеп, мәтінді қысқартады; жиі қолданатын аудармаларыңызды өз терминдер қорыңызға сақтай аласыз.
Өзгерісті салыстыру
Мәтінді ескі нұсқамен, тіркелгідегі басқа құжатпен немесе Word файлымен салыстырсаңыз не өзгергені бірден көрінеді, қатар қойып түзетуге де болады.
Сақтау және пішімдеу
Word файлын ашып, Word, PDF немесе сурет ретінде, A4 немесе 16K (16开) өлшемі бойынша сақтауға болады. Мақаланың мазмұны бір бұйрықпен көрсетіледі, тікелей басып шығаруға да болады.
Кедергісіз жалғастыру
Жазылған мазмұн өз құрылғыңызда сақталады, тіркелгіге де сақтауға болады; телефонды не компьютерді ауыстырсаңыз да жазғаныңызды жалғастыра аласыз, бұрынғы нұсқаларын қалпына келтіруге болады.